Қостанай ауданының әкімі Православиелік христиандарды Рождество мейрамымен құттықтады
Құрметті жерлестер, православие дінін ұстанушылар!
Сіздерді жарқын да қасиетті мереке – Христос Рождествосының келуімен шын жүректен құттықтаймын!
Христос Рождествосының аталып өтілуі қоғамымызда әртүрлі дін өкілдерінің дәстүрлері, мәдениеті мен әдет-ғұрыптарының табысты дамып келе жатқанын айқын дәлелдейді. Басқа конфессия өкілдерімен бірге Сіздер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алға қойған қоғамның рухани-адамгершілік негіздерін сақтау, патриотизмді тәрбиелеу, азаматтық татулықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту сияқты маңызды міндеттерді жүзеге асыруға елеулі үлес қосып келесіздер. Бұл қызмет терең алғыс пен зор құрметке лайық. Мұның барлығы ауданымыз бен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және ертеңгі күнге деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.
Бұл жарқын мереке адамдардың өмірін үміт пен сүйіспеншілікке толтырып, мейірімділікке, игі істерге және жақынға деген шынайы қамқорлыққа шабыттандырады, бізді адамгершілігі мол әрі әділетті болуға жетелейді. Тек бірлесе отырып, ортақ мақсат жолында әрекет еткенде ғана біз көзделген межелерге жетіп, болашақ ұрпақ үшін ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасының берекесі мен игілігін сақтай аламыз. Жақынға, өз халқына және туған еліне деген сүйіспеншілік нығая берсін, ол баршамызды біріктіре түссін. Осы қуанышты мерекеде Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен молшылық тілеймін. Ең асыл армандарыңыз орындалсын! Рождество мерекесі құтты болсын!
Олжас НҰРҒАЛИЕВ,
Қостанай ауданының әкімі













Добавить комментарий