Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының күні!

Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының күні!

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет құру жолындағы аса маңызды тарихи құжат – Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.

Тұңғыш рет аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі және мызғымастығы, халықтар мен олардың тілдерінің мәдениетін дамыту, ұлттық бірегейлік пен елдің экономикалық егемендігін нығайту сияқты қағидалар бекітілді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың бірінші отырысында Республика күнін мемлекеттік мереке ретінде тойлауды қайта жаңғыртуды ұсынды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекелер тізіміне еніп, Халық қаһармандарын еске алу күні ретінде аталып өтетінін де атап өтті.

Республика күні – Қазақстан халқының бірлігінің, азаматтардың өз Отанына деген риясыз сүйіспеншілігінің символы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!