Ұлттың ұлы ұстазы-Ахмет

Ұлттың ұлы ұстазы-Ахмет

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін мектебінде «Ұлттың ұлы ұстазы-Ахмет» атты оқушылармен Ахаңды зерттеу жолында еңбек жасап жүрген азаматтардың кездесу өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Алаштың арда азаматының бұл жолғы мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде әлемнің бірнеше елінде, әрине, алдымен Қазақстанда кең ауқыммен тойланып жатқаны баршамызға белгілі.

Осы орайда, аталған мектепте ұлт көсемі Ахаңның меретойына арналып көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Жиынға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармаларын келешек ұрпаққа дәріптеп жүрген ұстаз, этнограф, Ахметтанушы Ибраев Ибрахим Ағытайұлы, ұстаз, ғалым, этнограф, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Жақып Қалқаман Хасенұлы, қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, драматург, журналист, философия ғылымдарының кандидаты Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы, Қостанай аудандық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша әдіскері Нұрғалиева Қымбат Ғабдуллаевна қатысты.
Оқушылар қонақтарға сұрақтар қойып, олардың Ахмет Байтұрсынұлы туралы берген мағлұматтары мен ойларын тындады.

Кездесу барысында мектеп оқушылары да өз өнерлерін көрсетті. Мәселен, мектебіміздің жас ақыны Сұлтанғали Аяулым Ахаңа арнап жазған өлеңін оқып берді.

Келген құрметті меймандар мектеп мұражайын да тамашалады. Мектеп ішіндегі арнайы аялдамаларда қазақи нақыштағы киіз үйден дәм татып, ұлттық асық ойынын, жетіген, қобыз, домбырадан әуезді ән мен күмбірлеген күй тыңдады.

Келген қонақтар мектеп ұжымы мен оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!