Қош келдің, қасиетті Рамазан!

Қош келдің, қасиетті Рамазан!

Ассалаумағалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһу.
Қадірлі Қостанай ауданының тұрғындары, мұсылман бауырлар!

Келе жатқан барша мұсылмандардың асыға күтетін ұлы мерекелерінің бірі – қасиетті Рамазан айы баршаңызға қайырлы, құтты, мүбәрак болсын.
Рамазан – құлшылық пен сабырлық, береке мен бірлік, мейірімділік пен қайырымдылық айы. Бұл ай барша мұсылман қауымы отыз күн ораза ұстап, жамандылықтан тыйылатын, жақсылыққа шақыратын ай.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадис-шарифінде: «Ережеп айы – Алланың айы. Себебі, бұл айда барша адамзат баласына Алланың ерекше рақымы мен берекеті жауады. Шағбан – менің айым, – деген. (Яғни бұл айда пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шапағаты жауады). – Рамазан – менің үмметімнің айы, бұл айда барша адамдардың күнәлары кешіріліп, тозақ есіктері жабылып, жәннат есіктері ашылатын ай» деген.

Қадірлі аудан тұрғындары! Алла Тағала қасиетті айда ұстаған оразаларыңызды, берген пітір садақаларыңызды, жасаған ізгі амал мен құлшылық-ғибадаттарыңызды өз дәргейінде қабыл етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ағайын!

Асылхан қажы ТҮСІПБЕК,
«Маңдай батыр» мешітінің бас имамы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!