Білім, технология және жайлы өмір – әрбір адамға мүмкіндік!

Білім, технология және жайлы өмір – әрбір адамға мүмкіндік!

№ 9  облыстық бірмандаттық сайлау округі бойынша Қостанай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
Зуев Владислав Александровичтің сайлауалды бағдарламасы

Мен, Зуев Владислав Александрович, 1996 жылы 21 қыркүйекте Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобольск кентінде, қазіргі Тобыл қаласында дүниеге келдім.

2018 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша тәмамдадым. 2020 жылы осы бағыт бойынша магистр дәрежесін алдым.

Еңбек жолымды компьютерлік техниканы құрастыруға, баптауға және сатуға маманданған компанияда бастадым. Кейіннен түрлі ұйымдарда қашықтан жұмыс істеп, цифрлық ортада кәсіби міндеттерді шешу тәжірибесін жинақтадым. Бүгінде Тобыл қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін.

Мектеп мен үшін тек жұмыс орны ғана емес, сонымен қатар білімнің, қолдаудың және баланың қабілетін ашуға мүмкіндік берудің қаншалықты маңызды екенін күн сайын көретін ортаға айналды. Мектеп өміріне белсенді қатысамын, атқарған еңбегім үшін грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталдым.

Мен технологиялар күнделікті өмірдің жай ғана бір бөлігі емес, даму, қарым-қатынас жасау және көптеген мәселелерді шешудің құралы болып табылатын буынның өкілімін. Алайда ешқандай заманауи технология адамның қатысуын, адамдарға деген көңіл бөлуді және өзіміз өмір сүріп жатқан мекен үшін жауапкершілікті алмастыра алмайтынына сенімдімін.

Сондықтан менің мақсатым – болашақ туралы әңгімелермен ғана шектелмей, тұрғындарды толғандыратын мәселелерді жүйелі түрде көтеру, олардың қаралуына қол жеткізу және қаламыз бен ауданымыздағы оң өзгерістерге ықпал ету.

МЕНІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫМ

  1. Сапалы білім және балалар үшін заманауи мүмкіндіктер.

Мектеп оқулықтағы білімді ғана емес, шынайы өмірде қажет болатын дағдыларды да беруі тиіс. Білім беру ортасын дамытуға, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға, компьютерлік техниканың және заманауи цифрлық ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды қолдаймын.

Балалардың қабілетін ашуға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесетін техникалық шығармашылықты, бағдарламалауды, робототехниканы және басқа да бағыттарды дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет.

  1. Цифрлық Қостанай ауданы – тұрғындарға қолайлылық.

Бүгінде көптеген мәселелерді цифрлық технологиялардың арқасында жылдам әрі оңай шешуге болады. Электрондық қызметтердің тек жастарға ғана емес, аға буын өкілдеріне де түсінікті әрі қолжетімді болуы маңызды.

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік электрондық қызметтердің мүмкіндіктерін түсіндіруге, сондай-ақ тұрғындар мен жергілікті билік органдары арасындағы қолжетімді кері байланыс тәсілдерін дамытуға ықпал етуді қажет деп санаймын.

  1. Болашағын туған жерінен көретін жастар.

Жас адамдарға тек қолдау сөздері ғана емес, дамуға нақты мүмкіндіктер қажет: сапалы білім, сұранысқа ие мамандықтар, жұмыс орындары, спорттық және шығармашылық алаңдар.

Жастар бастамаларын, білім беру жобаларын, кәсіптік бағдар беру кездесулері мен мектеп оқушылары және студенттердің өз болашағын айқындауына көмектесетін іс-шараларды қолдаймын. Жастардың өздерін осы жерде, туған қаласы мен ауданында жүзеге асыра алуы үшін жағдай жасау маңызды.

  1. Отбасыларды, балаларды және аға буынды қолдау.

Ауданымыздың дамуы адамдарға деген қамқорлықсыз мүмкін емес. Балалы отбасылар, жас ата-аналар, мүгедектігі бар адамдар және аға буын өкілдері өздеріне деген назар мен қолдауды сезінуі тиіс.

Әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі, қоғамдық кеңістіктердің жағдайы, қозғалысы шектеулі азаматтар үшін  инфрақұрылымның қолайлылығы мәселелерін көтеретін боламын. Ауданымыз адамның жасына және мүмкіндіктеріне қарамастан барлығына жайлы болуы маңызды.

Мен қаланың болашағы бүгін қабылдап отырған шешімдерімізге байланысты екеніне сенемін. Заманауи білім, технологияларды сауатты пайдалану, жастарды қолдау және тұрғындардың күнделікті мәселелеріне көңіл бөлу қатар жүруі тиіс.

Мен бір сәтте болатын өзгерістерге уәде бермеймін. Мен жауапты жұмысты, ашықтықты, мәселелердің мәніне үңілуге дайын болуды және адамдардың мүддесін жүйелі түрде қорғауды ұсынамын.

 

Қостанай ауданы – менің өлкем!
Оның ертең қандай болатыны маған бейжай емес!

_______________________________________________________________________________

Образование, технологии и комфортная жизнь –
возможности для каждого!

 

Предвыборная программа
Зуева Владислава Александровича,
кандидата в депутаты Костанайского областного маслихата по
по избирательному округу №9

 

Я, Зуев Владислав Александрович, родился 21 сентября 1996 года в поселке Затобольск, ныне городе Тобыл Костанайского района Костанайской области.

В 2018 году окончил Костанайский региональный университет имени Ахмета Байтурсынова по специальности «Вычислительная техника и программное обеспечение». В 2020 году получил степень магистра по тому же направлению.

Трудовую деятельность начал в компании, специализирующейся на сборке, настройке и продаже компьютерной техники. Позднее работал удаленно в различных организациях, приобретая опыт решения профессиональных задач в цифровой среде. Сегодня работаю учителем информатики в общеобразовательной школе № 2 города Тобыла.

Школа стала для меня не только местом работы, но и пространством, где каждый день видишь, насколько важны знания, поддержка и возможность раскрыть способности ребенка. Я активно участвую в школьной жизни, за свою работу отмечен грамотами и благодарностями.

Я представляю поколение, для которого технологии – не просто часть повседневности, а инструмент развития, общения и решения многих задач. Но убежден: никакие современные технологии не заменят человеческого участия, внимания к людям и ответственности за место, в котором мы живем.

Именно поэтому моя цель – не ограничиваться разговорами о будущем, а последовательно поднимать вопросы, которые волнуют жителей, добиваться их рассмотрения и содействовать положительным изменениям в нашем городе и районе.

МОИ ПРИОРИТЕТЫ

  1. Качественное образование и современные возможности для детей.
    Школа должна давать не только знания по учебникам, но и навыки, которые пригодятся в реальной жизни. Буду поддерживать инициативы, направленные на развитие образовательной среды, обновление материально-технической базы учебных заведений, доступность компьютерной техники и современных цифровых ресурсов.
    Особое внимание необходимо уделять развитию технического творчества, программирования, робототехники и других направлений, которые помогают детям раскрывать способности и осознанно выбирать будущую профессию.
  2. Цифровой Костанайский район – удобство для жителей.
    Сегодня многие вопросы можно решать быстрее и проще благодаря цифровым технологиям. Важно, чтобы электронные сервисы были понятными и доступными не только молодежи, но и людям старшего поколения.
    Считаю необходимым содействовать цифровой грамотности населения, разъяснению возможностей государственных электронных услуг, а также развитию доступных способов обратной связи между жителями и местными органами власти.
  3. Молодежь, которая видит перспективу дома.
    Молодым людям нужны не только слова поддержки, но и реальные возможности для развития: качественное образование, востребованные профессии, рабочие места, спортивные и творческие площадки.
    Буду поддерживать молодежные инициативы, образовательные проекты, профориентационные встречи и мероприятия, которые помогают школьникам и студентам определиться с будущим. Важно создавать условия, при которых молодежь сможет реализовать себя здесь, в родном городе и районе.
  4. Поддержка семей, детей и старшего поколения.

Развитие Костанайского района невозможно без заботы о людях. Семьи с детьми, молодые родители, люди с инвалидностью и представители старшего поколения должны чувствовать внимание и поддержку.
Буду поднимать вопросы доступности социальных услуг, состояния общественных пространств, удобства городской инфраструктуры для маломобильных граждан. Важно, чтобы район был комфортным для всех – независимо от возраста и возможностей человека.

Я верю, что будущее нашего края зависит от решений, которые мы принимаем сегодня. Современное образование, грамотное использование технологий, поддержка молодежи и внимание к повседневным проблемам жителей должны идти рядом.

Я не обещаю мгновенных перемен. Я предлагаю ответственную работу, открытость, готовность разбираться в проблемах и последовательно отстаивать интересы людей.

Костанайский район – моя малая родина.
И мне небезразлично, каким он станет завтра!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!