Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша арнайы үкіметтік комиссия құрылады

Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша арнайы үкіметтік комиссия құрылады

Мәжіліс алаңында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда атом электр стансасын салу жобасын жүзеге асыру барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Конкурстық процеске қатысушылардың барлығымен ашық конкурстық диалог рәсімін бастайтын арнайы үкіметтік комиссия құрылады. Алдын ала консультациялар басталып та кетті. ҚХР мен Кореяда кездесулер мен сапарлар өтті. Біз әлеуетті жеткізушілерден алғымыз келетін бағыттарды алдын ала айтып жатырмыз.Олар қарапайым, бұл электр энергиясының құнықұрылыс құны, бюджет шегінде мерзімінде аяқталу кепілдігі. Бұл, ең алдымен, қауіпсіздік мәселелері, барлық әлеуметтік пакет, қаржыландыруды қамтамасыз етуге, отын өндірісін оқшаулауға байланысты мәселелер», деді Алмасадам Сәтқалиев.

Оның айтуынша, диалог аясында комиссия Үкімет басшылығына бұл мәселені ҚР Президенті жанындағы Энергетикалық кеңесте қарау үшін өз ұсыныстарын дайындайтын болады.

Министр қаржы-экономикалық блок, құқықтық және техникалық мәселелер бойынша кеңесшілерді тарту жоспарланып отырғанын айтты.

Еске сала кетейік, референдумның қорытындысы бойынша азаматтардың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдап дауыс берген еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!