Өркендеген ауыл – ел байлығы! Процветающее село – богатство страны!
«ӘDILET» Партиясынан № 9 бірмандаттық сайлау округі бойынша
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
РОЗУМОВИЧ ИВАН ВАЛЕРИЕВИЧТІҢ 2026-2031 жылдарға арналған
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Мен, Розумович Иван Валериевич, Қостанай облысында туып-өстім. Бала кезімнен туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметті бойыма сіңіріп келемін. 2020 жылы Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль – жол институтын «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдап, жоғары кәсіби білім алдым.
Менің еңбек жолым экономиканың нақты секторымен, агроөнеркәсіптік кешенмен және Қостанай өңіріндегі бизнестің дамуымен тығыз байланысты. «ТПК «Каз Агрос» ЖШС, «КазАгрос-No-till» ЖШС сияқты компанияларда ұзақ жылдар бойы басшылық қызмет атқаруым, сондай-ақ өзімнің «RIvan» ЖШС кәсіпорнына жетекшілік етуім маған маңызды бір қағиданы үйретті: кез келген ауқымды міндет жүйелі көзқарас, тәртіп және нәтижеге деген жауапкершілік арқылы жүзеге асады.
Өңіріміздің мәселелері маған жақсы таныс. Іске жауапкершілікпен қарайтын азамат ретінде мен елді мекендердің өркендеуі халықтың күнделікті қажеттіліктеріне тұрақты назар аударудан басталатынына сенімдімін. Атап айтқанда, жолдардың сапасын жақсарту, инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жергілікті өндірісті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және өскелең ұрпақтың дамуына қолайлы жағдай жасау – басты басымдықтарымыз болуы тиіс.
Менің бағдарламам «Әділет» партиясының құндылықтарына негізделген. Басты назарымызда – еңбек адамына қолдау көрсету, кәсіпкерлікті жан-жақты дамыту, жастардың бастамаларына қолдау білдіру және туған жерімізге жанашырлықпен қарау.
Депутаттық қызметтегі басты мақсатым – құрғақ уәде беру емес, нақты қадамдар жасау, айқын мерзімдер белгілеу және әрбір тұрғын алдында ашық есеп беру. Жұмысымның басты нәтижесі халықтың өміріндегі көзге көрінетін оң өзгерістер болуы тиіс.
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1.ҚОСТАНАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНА
Қостанай ауданының Тобыл қаласында жаңа көпбейінді облыстық аурухананың құрылысын жүргізуге және оны пайдалануға беруге ықпал ету.
Ауданның денсаулық сақтау мекемелерін заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы сала мамандарын тартуға және ауыл тұрғындары үшін сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу.
2. МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ЖАСАЛАТЫН ЖАҒДАЙ
Тобыл қаласының жаңа шағын аудандарында 1 200 оқушыға арналған заманауи мектептің құрылысын жүзеге асыруға ықпал ету.
Аудан мектептерінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуін, білім беру ұйымдарының заманауи оқу жабдықтарымен қамтамасыз етілуін бақылау, сондай-ақ балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуға қол жеткізуге ықпал ету.
3. ЖОЛДАР, КӨЛІК ЖӘНЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ
Қостанай ауданындағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ елді мекендердің ішкі көшелерін жөндеуге бюджет қаражатын бөлуді қамтамасыз етуге ықпал ету.
4. СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ, ЖЫЛУ БЕРУ ЖӘНЕ ГАЗДАНДЫРУ
Аудан орталығындағы тозығы жеткен су бұру және жылумен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту, күрделі жөндеуге арналған жобаларды бюджетке енгізуге ықпал ету.
Ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету және елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін жүргізу жөніндегі бастамаларды қолдау.
Аудан ауылдарын газдандыруды қамтамасыз ету мақсатында магистральдық газ құбырын салу жобаларын ілгерілетуге ықпал ету.
5. ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТ ПЕН БОС УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қостанай ауданының Тобыл қаласында көпфункционалды спорт кешенінің құрылысын бақылау.
Ауданның ауылдық округтерінде балалар және спорт алаңдарының дамуына, сондай-ақ бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға ықпал ету.
6. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мүдделерін қорғау және оларды мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларымен қамтамасыз етуге ықпал ету.
Ауыл тұрғындарын жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселелерін бақылау және ветеринариялық инфрақұрылымды дамытуға қолдау көрсету.
7. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ
Жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту мақсатында аудан тұрғындарының «Ауыл аманаты» бағдарламасына белсенді қатысуына ықпал ету.
Қостанай ауданының жас және жаңадан кәсіп бастаған кәсіпкерлеріне мемлекеттік гранттар мен шағын несие қаражатының бөлінуін қолдау.
8. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ
Аудан аумағында ауыл шаруашылығы, құрылыс және шағын бизнес салаларында тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау.
Жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға, сондай-ақ жұмыссыз азаматтарды аудан кәсіпорындарының базасында кәсіби оқытуға және қайта даярлауға ықпал ету.
9. АУЫЛДАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТАЗАЛЫҚ
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ғарыштық мониторинг деректерін пайдалана отырып, Қостанай ауданындағы рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін толық жоюға, қоқыс жинау жүйесін жетілдіруге және ауылдарды көгалдандыруға қол жеткізуге ықпал ету.
Аудан тұрғындарын төтенше жағдайлар мен су тасқынынан қорғау мақсатында бейнебақылау жүйесін кеңейтуге және азаматтық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдесу.
10. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ БИЛІКТІҢ АШЫҚТЫҒЫ
Қостанай ауданының ауыл тұрғындарын сапалы ұялы байланыспен толық қамтамасыз етуге ықпал ету.
Сайлаушылармен тоқсан сайын есептік кездесулер өткізу, депутаттық сауалдардың орындалу барысы мен сайлауалды бағдарламамның жүзеге асырылуы туралы аудан тұрғындарын ашық әрі тұрақты түрде хабардар ету.
Құрметпен, Иван Розумович
________________________________________________________________________
Предвыборная программа на 2026 – 2031 годы
кандидата в депутаты Костанайского областного маслихата от партии «Әділет»
Розумовича Ивана Валериевича
по избирательному округу №9
УВАЖАЕМЫЕ ИЗБИРАТЕЛИ!
Я, Розумович Иван Валериевич, родился и вырос в Костанайской области, с малых лет впитывая любовь и уважение к родной земле. За плечами имею профильное высшее образование – в 2020 году окончил Казахский автомобильно-дорожный институт имени Л.Б. Гончарова по специальности «Строительство».
Мой профессиональный путь неразрывно связан с реальным сектором экономики, агропромышленным комплексом и развитием бизнеса в Костанайском регионе. Долгие годы руководящей работы в таких компаниях, как ТОО «ТПК «Каз Агрос», ТОО «КазАгрос-No-till» и руководства собственным предприятием ТОО «RIvan» научили меня главному: любые масштабные задачи решаются через системный подход, дисциплину и ответственность за результат.
Проблемы региона мне знакомы не понаслышке. Как человек дела, я убежден, что процветание территории складывается из ежедневного внимания к базовым потребностям людей: качеству дорог, бесперебойной инфраструктуре, поддержке местного производства, созданию рабочих мест и условий для подрастающего поколения.
Моя программа базируется на ценностях партии «Әділет»: в фокусе нашего внимания – поддержка человека труда, всестороннее развитие предпринимательства, содействие инициативам молодежи и бережное отношение к родной земле.
Моя цель в депутатской деятельности – не пустые обещания, а конкретные шаги, четкие сроки и прозрачная отчетность перед каждым жителем. Главным мерилом моей работы должны стать видимые позитивные изменения в жизни людей.
КОНКРЕТНЫЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВА НА 2026-2031 ГОДЫ
1.СОВРЕМЕННАЯ МЕДИЦИНА В КОСТАНАЙСКОМ РАЙОНЕ
Добиваться строительства и ввода в эксплуатацию новой многопрофильной областной больницы в городе Тобыл Костанайского района.
Содействовать обеспечению учреждений здравоохранения района современным оборудованием, привлечению узких специалистов по программе «С дипломом в село» и повышению доступности качественных медицинских услуг для жителей сел района.
2.ШКОЛЫ И УСЛОВИЯ ДЛЯ ДЕТЕЙ
Добиваться строительства новой современной школы на 1200 ученических мест в новых микрорайонах г.Тобыл.
Контролировать проведение капитальных и текущих ремонтов школ района, оснащение школ современным образовательным оборудованием и обеспечение 100% охвата детей дошкольным воспитанием.
3.ДОРОГИ, ТРАНСПОРТ И ОСВЕЩЕНИЕ
Содействовать выделению бюджетных средств на проведение ремонта дорог областного и районного значения, а также улиц внутри населенных пунктов Костанайского района.
4.НАДЕЖНОЕ ВОДОСНАБЖЕНИЕ, ТЕПЛО И ГАЗИФИКАЦИЯ
Содействовать включению в бюджет проектов по реконструкции и капитальному ремонту изношенных сетей водоотведения и теплоснабжения в районном центре.
Продвигать инициативы по обеспечению сельских жителей качественной питьевой водой и проведения в сёлах централизованного водоснабжения.
Содействовать продвижению проектов строительства магистрального газопровода для обеспечения газификации сел района.
5.СПОРТ И ДОСУГ ДЛЯ МОЛОДЕЖИ
Контролировать строительство многофункционального спортивного комплекса в городе Тобыл Костанайского района.
Содействовать развитию детских и спортивных площадок в сельских округах района и популяризации массовых занятий спортом.
6.АГРОПРОМЫШЛЕННЫЙ КОМПЛЕКС
Продвигать интересы работников сельского хозяйства по обеспечению эффективными государственными мерами поддержки. Контролировать вопросы обеспечения пастбищами сельских жителей, развитие ветеринарной инфраструктуры.
7.ДОСТУПНЫЕ КРЕДИТЫ И ПОДДЕРЖКА СЕЛЬСКОГО БИЗНЕСА
Содействовать активному участию жителей района в программе «Ауыл аманаты» для развития личных подсобных хозяйств, семейного бизнеса и сельскохозяйственных кооперативов.
Поддерживать выделение государственных грантов и микрокредитов для молодых и начинающих предпринимателей Костанайского района.
8.НОВЫЕ РАБОЧИЕ МЕСТА И РОСТ ДОХОДОВ
Поддерживать создание постоянных рабочих мест в аграрном секторе, строительстве и малом бизнесе на территории района.
Содействовать реализации государственных программ занятости, профессиональному обучению и переподготовке безработных граждан на базе предприятий района.
9.БЕЗОПАСНОСТЬ И ЧИСТОТА В СЕЛАХ
В рамках программы «Таза Қазақстан» добиваться полной ликвидации несанкционированных свалок в Костанайском районе с использованием данных космического мониторинга, улучшения системы сбора мусора и озеленения сел.
Содействовать расширению системы видеонаблюдения и укреплению материально-технической базы органов гражданской защиты для защиты населения района от чрезвычайных ситуаций и паводков.
10.КАЧЕСТВЕННАЯ СВЯЗЬ И ОТКРЫТОСТЬ ВЛАСТИ
Добиваться полного обеспечения сельского населения Костанайского района качественной сотовой связью.
Проводить ежеквартальные отчетные встречи перед избирателями, открыто информировать жителей района о ходе исполнения депутатских запросов и реализации моей предвыборной программы.
С уважением, Иван Розумович
Депутаттыққа кандидат материалына республикалық бюджет қаржысынан төленді
Материал кандидата в депутаты оплачен из средств республиканского бюджета













Добавить комментарий