«Таза аула» – таза болашақ үшін бірге!
2026 жылғы 17 – 18 сәуір күндері Қостанай ауданында республикалық экологиялық бастама «Таза Қазақстан» аясында «Таза аула» («Чистый двор») акциясы өтеді.
Бұл іс-шара аулаларды абаттандыруға, халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға және тұрғындарды қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға тартуға бағытталған.
Ауданның барлық бейжай қарамайтын тұрғындарын акцияға қосылып, белсенді қатысуға шақырамыз: аулалар мен оған іргелес аумақтарды тазарту, қоқыс, құрғақ шөп пен тұрмыстық қалдықтардан арылту, сондай-ақ абаттандыру ісіне өз үлестерін қосу.
«Таза аула» акциясына қосылыңыз және ауқымды қозғалыстың бір бөлігі болыңыз – бірге біз таза, жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын құрамыз.













Добавить комментарий