Қамқоршылық кеңесінің төрағасына алғыс

Қамқоршылық кеңесінің төрағасына алғыс

Қостанай ауданы, Еңбек ауылының негізгі орта мектебі ұжымы мен ата-аналар қауымы Қамқоршылық кеңесінің төрағасы – Хегай Виталий Николаевичке шексіз алғысын білдіреді.

Виталий Николаевич жеке шаруашылық қожалығының жетекшісі бола отырып, білім беру саласына айрықша қолдау көрсетіп келеді. Оның тікелей демеушілігімен мектеп ауласы жөнделіп, жол аумағы ретке келтірілді, оқу кабинеттері жабдықталып, көптеген маңызды іс-шараларға тұрақты түрде қаржылай көмек көрсетілуде.

Оның жанашырлығы мен қамқорлығының арқасында балаларымыз үшін қауіпсіз, жайлы және сапалы білім беру ортасы қалыптасып келеді.

Хегай Виталий Николаевич – тек қамқоршы ғана емес, шын мәніндегі жанашыр азамат, ауыл мектебінің тірегі.

Мектеп ұжымы мен ата-аналар қауымы сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс тілейді!
Ізгілікті ісіңіз өркендей берсін!

Гулфира АРСТАНБЕКОВА,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Еңбек ауылының
негізгі орта мектебі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!