Қостанай ауданының әкімі тұрғындарды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады
Құрметті жерлестер,
соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері және әскери қызметшілер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл маңызды күндер біздің еліміздің тарихында ерекше орын алады.
Отан қорғаушылар күні – Қазақстанның бейбітшілігін, қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін күзететін баршаға құрмет.
Жеңістің 80 жылдығы – бейбітшілікті, адамзатты өлімнен қорғаған және болашақ ұрпақ үшін еркін өмір сүру құқығын бекіткен халқымыздың ұлы ерлігінің қасиетті мерейтойы.
Біз майдангерлердің батырлығы мен табандылығын, тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық еңбегін, Ұлы Жеңіске үлес қосқан әрбір адамның ерлігін ризашылықпен құрметтейміз. Сіздердің жаңа істер мен ерліктерге шабыттандыратын Отанға деген адалдығыңыз бен батылдығыңыз — ұрпақтан – ұрпаққа беріліп, мәңгі есте қалады.
Құрметті жерлестер!
Осы атаулы мерекелер қарсаңында, сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық және ұзақ та, бейбіт өмір тілеймін.
Ұлы Жеңіс туралы естелік пен Отан қорғаушыларға деген терең құрмет бізді біріктіріп, жүрегімізді Отанымызға деген сүйіспеншілікпен толтырып, сүйікті ауданымыз бен бүкіл Қазақстанның гүлденуі үшін жаңа жетістіктерге шабыттандырсын!
Олжас НҰРҒАЛИЕВ,
Қостанай ауданының әкімі
Добавить комментарий