Қостанай ауданының әкімі Олжас Нұрғалиев Қазақстан халқының бірлігі күнімен тұрғындарды құттықтады

Қостанай ауданының әкімі Олжас Нұрғалиев Қазақстан халқының бірлігі күнімен тұрғындарды құттықтады

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке достық пен келісімді, бейбітшілік пен тұрақтылықты білдіреді. Ғасырлар бойы бір – біріміздің дәстүрлерімізді, мәдениетіміз бен әдет – ғұрыптарымызды құрметтеу біздің ортақ тағдырымыздың берік іргетасына, тәуелсіз Қазақстанның бейбітшілігі мен өркендеуінің тірегіне айналды.

Биыл біз Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс – шаралар аясында ұлтаралық келісімнің, азаматтық бейбітшілік пен бірліктің символына айналған бірегей қоғамдық платформа — Халық бірлігі күнін атап өтеміз. Бұл атаулы мерейтой – біздің достық, өзара құрмет және бірлік құндылықтарына деген адалдығымыздың жарқын айғағы.

Қостанай ауданы әрқашан бауырластықтың, қонақжайлылық пен өзара түсіністіктің жарқын үлгісі болған және болып қала береді. Мұнда әр түрлі этностардың өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, өздерінің дәстүрлерін, әдет – ғұрыптары мен мәдениетін сақтап, дамытып, ғасырлар бойғы достық байланыстарын нығайтып келеді. Бұл біздің жарқын болашаққа деген сенімімізді арттырады!

Қадірлі жерлестер!

Осы атаулы күні, Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік, амандық және рухани жылулық тілеймін! Отбасыларыңызда әрқашан қуаныш, махаббат пен ауызбіршілік орнасын! Еліміздің іргесі берік, даңқы асқақтай берсін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!