Мейірімділік сабағы
Мүмкіндігі шектеулі жандар туралы сөз бола қалса, ең алдымен көз алдымызға өмірден түңілген адамның түрі елестейтіні рас. Алайда кейбір он екі мүшесі сау адамдардан жарымжан адамдардың өмірге деген құштарлығы аса жоғары екенін біле бермейміз.
Мүмкіндігі шектеулі жандар туралы хабардар ету онкүндігі аясында Еңбек ауыл кітапханасында «Мейірім шуағы» атты мейірімділік сабағы өтті. Мейірімділік – адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік сабағында кітапханашы оқушыларға мүмкіндігі шектеулі жандар туралы түсінік берді
Әлемде өмір сүріп жатқан адамдардың 10 пайызы, шамамен 650 миллионы мүгедектер. Олар өмірдегі қиындықтарға мойымай, түрлі жетістіктерге жетіп, қайсарлық танытып жүргендеріне куәміз. Мысалы, әлемді таңқалдырған мүмкіндігі шектеулі суретшілер Мариуш Кедзерский, Хуан Гофу, Питер Лонгстаффтардан әркім үлгі алуына болады.
Осы суретшілер сияқты балалар қолдарын артына тығып, қарандашты тістеріне ұстап қағазға сурет салуға, жазуға тырысты.Өмірде сау адам мен сал адамды бөліп жаруға болмайтының, олардың барлығына бірдей көзқарас танытуымыз қажет екенің түсінді.Сабақ барысында оқушыларға жүрек бейнесіндегі жапсырмалар ұсынылып, әр оқушы өткен іс шарадан алған әсерін, ойын, тілегін жазды.
Маржан Досанова,
Еңбек ауыл кітапханасының
кітапханашысы
Добавить комментарий