Діни экстремизм-қоғамдық қауіп пен тұрақсыздықтың факторы

Діни экстремизм-қоғамдық қауіп пен тұрақсыздықтың факторы

11-12 қазанда «Қостанай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша Қостанай облысы психологтарының қауымдастығы іске асыратын ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған жоба аясында мемлекеттік тілде оқытатын Айсары мектебінің, Қостомар ауылы мектебінің, Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының, Заречный мектебінің және Каримов атындағы мектептің жоғары сынып оқушыларымен және педагогтарымен, сондай-ақ Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің оқушыларымен және Қостанай ауданының еңбек ұжымдарында бірқатар кездесулер өтті.   

Жастармен Ш. Қабылбаев атындағы ІІМ академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының бастығы Дәурен Тойматаев кездесті. Кездесулер барысында ол жастардың назарын интернет-тартушылардың тәсілдеріне аудара отырып, деструктивті мазмұндағы сайттарға талдау жасады, сонымен қатар ұлттық, діни алауыздықты қоздырғаны және терроризм актісі туралы жалған хабарлама жібергені үшін жауапкершіліктің артуына баса назар аударды. Ол жастарға желідегі қауіпсіздік ережелерін еске салды: жабық профиль, нақты өмірде таныс адамдармен ғана байланыс, парақтағы ең аз жеке ақпарат, алынған ақпараттың дұрыстығын әр түрлі ақпарат көздерінде тексеру және салауатты скепсистің үлесі.

Экстремистік идеологияның қоғамдық қауіптілігі ОАА, ХҚКО, «Горизонт» ЖШС еңбек ұжымындағы кездесулердің тақырыбына айналды. Теологтар Сабыржан Есмурзин мен Дархан Сыздықов дәстүрлі ислам құндылықтарына және радикализм идеологиясының қауіптілігіне баса назар аударды. Тыңдаушылар бүгінде дәстүрлі емес діни ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша ақпараттандыру және жастарды белсенді қоғамдық өмірге тарту арқылы азаматтық ойлау мен белсенді әлеуметтік ұстанымды қалыптастыру бұрынғыдан да маңызды екендігімен келісті.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!