Ата заңым – айбыным

Ата заңым – айбыным

Кез келген мемлекет азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын анықтайтын негізгі құжат – Ата Заңы. Қазақстан Республикасы үшін де аса маңызды саналатын ел құжаты бүгінде мемлекет бірлігі мен тұтастығының ұстанымына айналған. Ал оның маңыздылығын тиісті сала мамандары тарапынан ел азаматтарына түсіндіріп отыру үздіксіз жалғасын тауып отыратын маңызды міндет.

ҚР Конституциясы күні қарсаңында Половников ауылдық кітапханасы «Ата заңым – айбыным» тақырыбында тарих айналым іс шарасын ұйымдастырды. Оқырмандарға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру мақсатында өткізілген іс шара бірнеше бөлімдерден тұрды. «Ата заңым-мақтанышым, қорғаным» бөлімінде оқырмандар тақпақтар айтып, бір-бірін мерекемен құттықтады.

«Жылдар сөйлейді» бөлімі барысында ХVІІ ғасырдағы «Жеті Жарғының» қалыптасуы, елімізде қабылданған Конституциялар тарихы, 1995 жылғы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдумда Қазақстанның қолданыстағы Конституциясы қабылданғаны жайында, Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын өзінің ең қымбат қазынасы ретінде қарастырғаны жайында айтылып өтті.

«Заңды білесің бе?» сұрақ-жауап сайысында «Жеті жарғы» қашан пайда болды? ҚР Конституциялық құрылымының негіздері қандай? ҚР Конституциясында жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін анықтайтын қай бөлім? 1993 жылғы қабылданған конституциямен қазіргі, 1995 жылғы конституцияның қандай айырмашылықтары бар? ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің көзі кім? деген сауалдарға жауап алдық.
«Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ қолында» бөлімінде оқушылар әрбір қазақстандықтың Конститутциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке басы мен ата-анасы үшін де маңыздылығын бағалай білді.

Конституция біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Барша мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы – осы құндылықтардың қырағы күзетінде болу.

Балжан Омарова,
Половников ауылдық
кітапханашысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!