Аким Костанайского района поздравил жителей региона с Днем защитника Отечества и Днем Великой Победы!
Құрметті жерлестер!
7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бір-біріне ұласқан, шаттыққа толы осы күндер еліміздегі барлық азаматтардың мерейін үстем еткен, ұрпаққа үлгі болған, тағылымы терең тарихи мейрамдар! Бұл – Отан қорғаушылардың бұрынғы және қазіргі кездегі даңқты ерліктеріне сый-құрмет көрсетілетін айрықша күндер.
Бұл мереке – соңғы демі қалғанша күрескен жанқиярлық ерліктің нәтижесі, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі. Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де Ұлы жеңістің жемісі.
Жеңіс жолында жанын берген майдангерлердің алдында басымызды иеміз, ұрыс даласында батырлықтың ерен үлгісін көрсеткен ардагерлерге, сол сияқты тылда күні-түні бел шешпей еңбек еткен ата-әжелерімізге бізге ашық аспан, бейбіт өмір сыйлағаны үшін зор алғыс айтамыз. Әкелеріміз бен аталарымыздың Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі, ел алдындағы парызына деген адалдығы – бүгінгі ұрпақ үшін көнермес үлгі, бізді біріктіретін қуатты күш, барлық қиындықтан алып шығар темірқазық іспетті.
Қадірменді жерлестер!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт тілеймін! Жеңістің туы желбіреп, еліміздің абыройы арта берсін!
Жансұлтан ТАУКЕНОВ,
Қостанай ауданының әкімі
Уважаемые земляки!
От всей души поздравляю с Днем защитника Отечества и Днем Великой Победы! Бережно храня память о подвигах всех поколений героев, весенний праздник 7 Мая, отмечаемый накануне 9 Мая, олицетворяет собой преемственность славных воинских традиций, это символ доблести, отваги и мужества.
Чествуя современных защитников Родины, мы одновременно адресуем слова поздравлений ветеранам Великой Отечественной войны и труженикам тыла, чей подвиг и героизм навсегда останутся в сердцах благодарных потомков.
Склоняя голову перед памятью павших, отдавая дань уважения тем, кто совершал ратные подвиги и не покладая рук трудился в тылу, мы искренне благодарим наших ветеранов, тружеников тыла за победу и мирное небо над головой. Беззаветная преданность Родине, стойкость и верность долгу наших отцов и дедов – вечный пример и образец для подражания всем будущим поколениям, объединивший и сплотивший нас.
Дорогие земляки!
В преддверии этих замечательных праздников сердечно поздравляю всех тех, для кого защита Отечества стала не просто профессией, а истинным призванием. Вечная слава героям, подарившим нам возможность счастливо жить и воспитывать своих детей. Крепкого здоровья, бодрости духа, энергии и долголетия нашим уважаемым ветеранам, труженикам тыла. Мира всем, добра, благополучия и удачи во всех делах на благо нашей Родины – Республики Казахстан.
Жансултан ТАУКЕНОВ,
аким Костанайского района
Добавить комментарий