Аким Костанайского района Жансултан Таукенов поздравил прекрасную половину человечества с Международным женским днем!

Аким Костанайского района Жансултан Таукенов поздравил прекрасную половину человечества с Международным женским днем!

Ардақты аналар, қадірлі қыз-келіншектер!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Айтулы мереке күні отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын аяулы ана, сүйікті жар, апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.

Еліміздің толағай табыстары мен Қостанай ауданының қол жеткізген жетістіктерінің барлығында бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен әйелдер қауымының өз қолтаңбасы бар. Оны біз мақтан тұтамыз! Мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуінде парасаты мен пайымын, біліктілігін, танымы мен талғамын аямаған Қостанай өңірінің нәзік жандылары билік пен бизнесте, білім мен денсаулықта, мәдениет пен спортта ерекше қабілетімен танылуда.

Қымбатты аналар!

Аяулы асыл жандар!

Табиғат ананың жаңарып, мейірім жылылығын ала келетін көктемнің алғашқы мерекесі баршаңызға құтты болсын! Сіздер бұл өмірге тек ізгілік пен жылылық, мейірім мен шуақ сыйлаушы жандар ғана емес, тіршілік атаулының ең асыл абзалы деген құрметке лайықсыздар.

Осы мерейлі мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!

 

Дорогие женщины!

От всего сердца поздравляю вас с весенним праздником – 8 Марта!

Международный женский день – это прекрасный повод еще раз выразить чувства признательности и благодарности всем вам – заботливым матерям и супругам, дочерям и подругам, бабушкам и сестрам, коллегам и друзьям. Это неповторимый праздник женственности, красоты и обновления!

Гармонично сочетая заботу о семье и уюте домашнего очага, вы ярко проявляете себя во всех сферах жизнедеятельности, добиваясь успехов в экономике и бизнесе, образовании и здравоохранении, культуре и спорте. Благодаря вашей интуиции, мудрости, доброте и сострадательности воплощаются в жизнь важнейшие идеи и социальные проекты, направленные на развитие нашего района и всей страны. Ваш ежедневный труд, активная жизненная позиция и неравнодушное отношение к делу являются важной частью достижений Костанайского района.

Милые женщины!

Сегодня мы благодарим вас за то, что вы у нас есть. Спасибо вам за вашу теплоту, душевную щедрость и постоянную поддержку.

В канун этого светлого праздника от всей души желаю вам и вашим близким крепкого здоровья, счастья, душевной теплоты и благополучия! Пусть сбудутся все мечты и пожелания, пусть в ваших семьях царит достаток и гармония!

 

                                               

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!