Өркендеген ауыл – ел байлығы! Процветающее село – богатство страны!
«ӘDILET» Партиясынан № 9 бірмандаттық сайлау округі бойынша Қостанай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат РОЗУМОВИЧ ИВАН ВАЛЕРИЕВИЧТІҢ 2026-2031 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР! Мен, Розумович Иван Валериевич, Қостанай облысында туып-өстім. Бала кезімнен туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметті бойыма сіңіріп келемін. 2020 жылы Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль - жол институтын «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдап, жоғары кәсіби білім алдым. Менің еңбек жолым экономиканың нақты секторымен, агроөнеркәсіптік кешенмен және Қостанай өңіріндегі бизнестің дамуымен тығыз байланысты. «ТПК «Каз Агрос» ЖШС, «КазАгрос-No-till» ЖШС сияқты компанияларда ұзақ [...]












