ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 35 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «ЖЫЛ ҮЗДІГІ – 2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ
«Даму» халықаралық инновациялық орталығы мен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «ЖЫЛ ҮЗДІГІ - 2026» атты республикалық патриоттық байқауы өткізіледі. Байқауға барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз! Байқаудың өзектілігі: Еліміздің дамуы - әр саладағы білікті де адал мамандардың еңбегімен тікелей байланысты. Бәсекеге қабілетті экономикасы бар озық ел болуға ұмтылған Қазақстан үшін еңбек адамының мәртебесін көтеру, кәсіби шеберлікті бағалау және оны қоғамда кеңінен насихаттау - маңызды міндеттердің бірі. Өз ісінің нағыз шебері саналатын азаматтардың еңбегін дәріптеу - адалдық, еңбекқорлық, кәсібилік және жауапкершілік құндылықтарын [...]












