Бас прокуратура 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын шығарды
Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен Бас прокуратураның 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындылары бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті. Отырыста прокуратура органдарының негізгі міндеттері – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бағытындағы саясатын іске асыру екені атап өтілді. Есепті кезеңде «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, инвестициялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және цифрлық трансформация бағытында кешенді шаралар қабылданды. Құқық қорғау органдарының үйлесімді жұмысы нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылықтар деңгейі [...]












