Қазақстан Иранмен ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын ұлғайтуға дайын
Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Иранның ауыл шаруашылығы министрі Сейед Джавад Садати Неджад аграрлық және көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты. Премьер-Министр 2022 жылғы қаңтар-қараша айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 20%-дан астамға өсіп, $500 млн құрағанын атап өтті. Сонымен қатар өзара сауда көлемін одан әрі ұлғайту мақсатында Қазақстан Иран нарығына жалпы құны шамамен $250 млн болатын қосымша 75 тауар позициясын жеткізуге дайын. «Ауыл шаруашылығы қазіргі таңда даму перспективасы өте жоғары сала болып отыр. Оның өзара саудадағы [...]