Ұлысты ұлықтаған – Наурыз-думан!
Қостанай ауданы әкімдігінің аудандық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз-думан» атты этнографиялық мерекелік іс- шара өтті. Этнографиялық мерекелік іс-шара бастау алған сәттен бастап көрермендер бабалар жолымен сабақтасқан қасиетті дәстүрлер әлеміне куә болды. Шараның басты мақсаты – түркі тектес халықтардың ортақ мейрамы наурызды дәріптеу, наурыз дәстүрді жаңғырту; түркі халықтарына ортақ мерекенің мән-мағынасын ашу, жас ұрпақтың бойына адамгершілік пен еңбекқорлықтың дәнін егу болды. Іс шараның қадірменді қонағы Садчиков ауылының тұрғыны «Қазына» клубының мүшесі Айтқожа [...]












