Tag - #АӨК #Президенттің тапсырмасы #Экономика

2024 жылғы Жолдау: Президенттің ауыл шаруашылығы саласы бойынша тапсырмаларын жүзеге асыру

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға  айрықша көңіл бөлінді. Ауыл шаруашылығы саласы азық-түлік қауіпсіздігін, халықты жұмыспен қамтуды және еліміздің экспорттық әлеуетін нығайтуды қамтамасыз ететін экономиканың негізгі секторларының бірі ретінде қарастырылады. Үкімет Мемлекет басшысының 2024 жылғы Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау аясында ауыл шаруашылығында технологиялық жаңғыртуды, қайта өңдеуді тереңдетуді және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Мемлекет басшысының Жолдауы және өзге де тапсырмаларында қойылған міндеттердің орындалу барысы туралы толық ақпаратты Primeminister.kz сайтында [...]