Батыр ана бақыты – балаларында
Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлайтын – Ана! Ел қорғаған батыр да, сөз маржанын терген ақын да ананың құрсағынан жаратылды. «Жәннат - ананың табанының астында» - деген қасиетті хадисте. Осы сөздің астарында теңіздей терең мағына жатқаны аян. Өмірдің мәні мен сәніне айналған ардақты аналарға берілген ең лайықты баға. Осындай ардақты аналарымыздың бірі Ағайша апамыз бүгін, 23 қарашада 80 жасқа толды. Бұл Батыр ана он баланы дүниеге әкелген асыл жан. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, бүтін бір әулеттің алтын арқауы болған аяулы [...]