Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысындағы сөзі, 23.11.2021 жыл.
Құрметті партияластар! Қадірлі қазақстандықтар! Осы жылдар ішінде қалыптасқан көппартиялық жүйе елдігіміздің тірегіне айналды. Бұл орайда «Nur Otan» партиясының саяси салмағы басым екені анық. Біз еліміздің партиялық-саяси жүйесін біртіндеп әрі жан-жақты саралай отырып дамыттық. Барлық бастамаларымыз сияқты бұл мәселеге де ішкі дайындықпен келдік. Жүйесіз реформалар халықтың демократияға деген сенімін жоғалтып, түрлі шиеленістер тудырған және территориядан айырған жағдайлар тарихта аз емес. Тәуелсіздікті сақтау және мемлекеттілікті нығайту – біздің болашақ ұрпақ алдындағы парызымыз. Сондықтан «Nur Otan» партиясы тұрақтылық пен татулыққа, әлеуметтік-экономикалық прагматизмге, орнықты дамуға негізделген және тұтас қоғамның мүддесіне сай [...]