Қазақстандық автоөнеркәсіптің жаңа деңгейге көтерілуі: Әлихан Смайылов Қостанай облысындағы машина жасау кәсіпорындарында болды
Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов машина жасау саласының бірқатар өндіріс орындарын аралады. Үкімет басшысы жылына 70 мыңға дейін көлік шығаратын Kіа автомобиль зауытының құрылысымен танысты. Кәсіпорынның бас директоры Ким Де Ки зауытта 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын атап өтті. Бастапқы кезеңде Sorento, Sportage және Cerato сияқты шағын торапты 3 модель өндірісін жолға қою жоспарланып отыр. Зауытты іске қосу 2025 жылға жоспарланған. Әлихан Смайылов Үкіметтің экономиканы әртараптандыруға және өңдеу өнеркәсібінде локализациялауды тереңдетуге үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті. «Біз [...]