Парламенттік реформа – ел болашағына әсер ететін маңызды қадам
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында Президент бұл реформаның ел тағдыры үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтіп, аталған тарихи міндетті іске асыру жолында жұмыс тобы мүшелеріне зор сенім артатынын жеткізді. – Өткен аптада арнайы Жұмыс тобын құру туралы Өкімге қол қойдым. Парламенттік реформа – аса маңызды әрі жауапты міндет. Жолдауымда бұл мәселенің азаматтық қоғам, сарапшылар қауымдастығы және қазіргі Парламент аясында кеңінен талқылануы қажет екенін айттым, – деді Мемлекет басшысы. Отырыста [...]












