Үкіметте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы мен маусымаралық кезеңдегі тәуекелдер талқыланды
Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте биылғы жылдың 9 айындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің баға жағдайы мен алдағы маусымаралық кезеңдегі тәуекелдер талқыланды. Ауылшаруашылық жылы қабылданған шаралар оң нәтиже берді: әлеуметтік азық-түлік тобының бағасы тұрақтандырылып, былтырмен салыстырғанда Қазақстанда азық-түлік инфляциясының өсу қарқыны 3 есе төмендеді. 2023 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша азық-түлік инфляциясы 6,2% құрады (2022 жылғы 9 айда 19,5%). Осы уақыт аралығында ӘМАТ бағасының индексі 3,1% құрады (2022 жылғы 9 айда 19,5%) 6 есе төмендеді. Қант саласын қолдау, [...]












