Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады
Президентке Қостанай облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді. Облыс әкімі 2023 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің негізгі макроэкономикалық өсім көрсеткіштерінде оң динамика байқалатынын баяндады. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі 11 пайыз, құрылыс саласы 7 пайыз, негізгі капиталға салынған инвестиция 8,5 пайыз, көлік тасымалы 3 пайыз, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 5 пайыз өскен. Құмар Ақсақаловтың мәліметінше, жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіп саласының үлесі 30 пайыздан асты. Әсіресе, жергілікті машина жасау кәсіпорнында шығарылатын автокөлік модельдерінің қатары көбейіп келеді. «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС жылына 30 мың Chevrolet [...]












