Қостанай ауданында мектептегі тамақтану сапасын бақылау күшейтілді
Қостанай ауданы әкімдігі отырысында мектептерде тамақтануды ұйымдастыру мәселесі қарастырылды. Аудандық білім бөлімі басшысының мәліметіне сүйенсек, 44 мектепте оқитын 10 132 баланың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі ұйымдастырылған. Бұл 100 пайыздық қамтылу. 44 мектептің 7-не тамақ тасымалданады, 1-де буфет түрінде ұйымдастырылған. 2023 жылдан бері 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтанады, бүгінгі күні 4076 бала қамтылып отыр. 2024 жылы бюджеттен 530 млн астам қаражат бөлінді (2023 жылы – 178 млн 602 мың теңге). Орташа есеппен бір баланы тамақтандыру 650 теңге тұрады, буфетте - 450 теңге. 2023 жылдан [...]












