Жастардың 6 мыңға жуық бизнес жобасына жеңілдетілген микрокредит берілді
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2023 жылы бөлінген қаражат есебінен жастарға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық 5 658 микрокредит берілді. «Аграрлық несие корпорация» АҚ-ға қазақстандықтардан жеңілдетілген микрокредиттер алуға барлығы 7,7 мың өтінім түсті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Жергілікті атқарушы органдарға микрокредиттерді беруге қаражат 2023 жылғы ақпан-наурыз айларында бөлінгенін атап өтеміз, осыған орай бюджет қаражаттарын игеру 2024 жылғы ақпан-наурызға дейін жүзеге асырылды. Келесі өңірлерде микрокредиттердің ең көп саны берілді: Түркістан (625), Қызылорда (492), [...]












