Байланыссыз ауылдар: интернет жетпеген қазақстандықтардың өмірі
Мысалы, Қостанай облысының өзінде ғана 20 елді мекенде байланыс мүлде жоқ Бұл — жай ғана статистикалық дерек емес. Оның артында білім алуға, дамуға және өмір сапасын жақсартуға мүмкіндігі шектеулі мыңдаған адамның тағдыры тұр. Тұрақты интернет пен ұялы байланыссыз төтенше жағдай қызметтеріне де жедел хабарласу қиын. Әсіресе халық саны аз ауылдарда бұл мәселе айқын сезіледі. СТАТИСТИКА ТІЛІМЕН Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректеріне сәйкес, бүгінде елімізде 6 179 ауыл бар. Соның 1 123-інде жергілікті байланыс желісі мүлде жоқ. Бұдан [...]












