Тәуекел – «Ер төстік» батыры
Аудандық мәдениет үйінде балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында мектепке дейінгі білім беретін ұйымдар арасында «Ер төстік» батырлар тартысы өтті. Сайысқа «Ер төстіктей» батыр боламын деген төрт бүлдіршін қатысты. Іс-шараның қадірлі қонағы Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Абишев Қайрат Тынымбайұлы алғы сөз сөйлеп, сынға түскелі отырған кішкентай батырларға сәттілік тіледі. «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» демекші, алдымен батырларымыз өздерін таныстырып, жеті атасын айтып жарысты. Одан соң «Жігітке жеті өнерде аз» деп аталатын кезеңде ұлдарымыз бір бірінен кем [...]












