Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен орталық, жергілікті және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыстылыққа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырыс ашылуында Бас Прокурор апаттылықты төмендету шаралары «Заң мен Тәртіп» идеологиясына сай келетінін атап өтті. Басты міндет – заңның үстемдігін нығайту және жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысының әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру. Қоғамда жүргізу мәдениетін дамыту және құқықбұзушылыққа төзімсіздік қалыптастыру қажет. Б. Асылов Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 [...]












