Сауда тәртібі түзелсе, салық есебі түгел – вице-министр
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин салық реформасына қатысты маңызды мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ. Оның айтуынша, қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу шегінің жоғары болуына байланысты кәсіпкерлер бизнесін бөлшектеп, салық төлеуден жалтарады. Соның салдарынан мемлекет жыл сайын шамамен 800 млрд теңге көлемінде табыстан айырылады. Орта бизнес де-факто бар, бірақ де-юре жоқ. Яғни кей кәсіпкерлер қосылған құн салығынан (ҚҚС) жалтару үшін бизнесті бірнеше ұсақ құрылымға бөледі. Мысалы, ірі кәсіпорын иесі оны бірнеше ЖШС ретінде бөліп тастайды. Бюджетке түсетін қаражат азаяды. Мұндай [...]












