Ұлттық құрылтай – ел болашағын айқындайтын алаң
Қасиетті Көкше жерінде өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында қоғамдағы ең өзекті мәселелер талқыға түсіп, елдің келешек дамуы мен өркендеуіне бағыт-бағдар беретін тың ұсыныстар ортаға салынды. Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар қоғам белсенділері тарапынан көтерілген қоғамдық әдеп мәселесін қозғап, әлеуметтік желіде адамға тіл тигізу, ар-намысын аяққа таптау көбейіп кеткенін, жалған мәлімет таратушылар да бар екенін сынға алды. Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи еліміздегі діни ахуалға алаңдаушылық білдіріп жүргенін тілге тиек етті. «Құрылтай мүшелері Дания Қыдырбаева және Олжас Сүлеймен жат діни ағымдардың жастар арасында, [...]












