«Сарқылмас кеудем менің – ойдың кені»
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана қабырғасында белгілі ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Серікбай Оспанұлымен «Сарқылмас кеудем менің – ойдың кені» атты тағылымды шығармашылық кездесу өтті. Бұл кеш – тек бір ақынның шығармашылығын таныстыру ғана емес, ұлттық руханияттың кең өрісін, тағылымды ойдың терең тамырын танытқан мазмұнды жиын болды. Кездесу барысында қаламгердің «Ыбырай жолы», «Ахметтану», «Ақынның жаны», «Мейірім бастауы – бесік жыры», «Серікбай: лебіз, ілтипат» атты еңбектерінің тұсауы кесіліп, олардың ғылыми және көркемдік құндылығы жан-жақты сөз етілді. Серікбай [...]












