«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АУДАНДАРЫ ҚАЛАЛАРЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ
Сәуір айының басында ел Президенті Қ.-Ж. Тоқаев бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» акциясын қостанайлықтар әлі де белсенді қолдауда.. Бүгін Қостанай облысының түкпір-түкпіріндегі тұрғындар сенбілікке бірыңғай еңбек қарқынымен шықты. Экологиялық іс-шараларға жүздеген қатысушылар жиналды, олардың арасында жергілікті билік, қоғамдық ұйымдар, студенттер, белсенділер және қарапайым тұрғындар бар. Адамдарды ортақ үйімізді таза және әдемі ету, экология мәселелеріне назар аударып, қоршаған ортаға ұқыпты қарау сияқты ортақ мақсат біріктірді. Барлығы 20-дан астам түрлі акция, флешмоб пен челлендж өтті. Мәселен, Қостанай қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза [...]












