Мәслихат пен әкімдер – мемлекеттің қос тірегі
3 қазанда елордамызда «Amanat» партиясының ұйымдастыруымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының II республикалық форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат пен әкімдер – мемлекеттің қос тірегі деп атап өтті. Бұл өте маңызды сөз, өйткені мәслихат депутаттары мен жергілікті әкімдерді үлкен сеніммен халық сайлайды, үміт артады. Сондықтан халық қалаулылары мен әкімдердің мақсат – міндеттері бір болуы тиіс- халқына қызмет ету. Ауыл, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау жүйесі елімізде жаңа саяси ахуалдың қалыптасуына жол ашты. Халық сайлауда өзі [...]












