Шұбар допты шиірген волейболшылар
Қаңтар айының соңында Мәскеу ауылдық округіне қатысты Озерный ауылында волейболдан ауыл әкімінің кубогы өтті. Айтулы спорт додасының ашылу салтанатында Московский ауылдық округтің әкімі Муканов Адильхан Бағдатұлы барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шарада Адильхан Бағдатұлы мұндай спорттық бәсекелердің денсаулыққа пайдасынан бөлек, табандылыққа үйретіп, ерік-жігерді шыңдай түсетінін тілге тиек етті.
Ауылымызда алғаш рет ұйымдастырылып отырған жолдастық кездесу жоғары деңгейде өтті.
Айта кетейік, көрші Озерный ауылының әкімі Бермухамедов Азат Утигенович өз командасында өнер көрсетті. Азат Утигенович: « Волейбол – негізі қиын ойын. Бірақ, өте қызықты. Жалпы, бұл спорт түрі өзіме қатты ұнайды. Сондықтан, волейбол ойнағанды ұнатамын. Бүгін жарысқа ауыл жастарымен келдім. Ойнаған кезімде өзімді еркін сезінемін», -деп ағынан жарылды. Жарысқа 8 команда қатысты. Майкөл,Озерный, Шишкин,Успеновка, Воронеж (Федоров ауданы), Московский ауылдық округі қатысты. Жергілікті Московский ауылдық аймақтан «Жастар» және «Жеңіс» командалары жарысқа шықты.
Шұбар допты шиірген волейболшылардың әрбір ойындары тартысты өтті. Жарыс нәтижесінде Мәскеу ауылы әкімінің кубогын яғни, бірінші орынды көрші Озерный ауылдық округі иеленсе, Успенов ауылдық округі 2-орынды қанжығасына байлады. Мәскеу ауылдық округі командалары 3 орынды иеленді.
Успенов ауылынан келген Волия Жарқынбек «Үздік шабуылшы» болса, Озерный ауылық округтен Айсин Тимур «Үздік ойыншы», Мәскеу ауылдық округінен Сулейманова Александра «Үздік қорғанушы» атанды.
Ауыл баласының көбі спорт түрлеріне жақын өседі. Әсіресе, оқушылардың дене шынықтыру пәніне деген қызығушылығы басым екенін байқау қиын емес. Спорт десе, балалар ішкен асын жерге қояды. Біраз жылдан бері Озерный негізгі орта мектебінде жұмыс істеп жатырмын. Қазіргі таңда мектеп спортын ғана емес, ауыл спортын дамытуды да қолға алып жатырмыз. Жоспар бойынша өрбіген жұмыстар нәтижесін бере бастағандай.
«Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері бірігіп, оқушылардың командалық ойындарға баса назар аударуын қамтамасыз етіп отырмыз. Әрине, жекелей шеберлік те шет қалмайды. Осы күні спорт үйірмелері тұрақты жұмыс істейді. Мектепте өзіммен бірге оқушым Мейрамбек Еламан жұмыс жасайды. «Алыптар ауылдан шығады» деген бар. Шынында, ауыл және жасөспірімдер спортын дамыту өте маңызды. Біз бұл жұмыстардың жалғасын таба беретініне сенімдіміз»,- дейді Асхат Серікұлы.
Осылайша, қос дене шынықтыру мұғаламі Асхат Серікұлымен Мейрамбек Еламанның бастауымен ұйымдастырылған қызу тартысқа толы волейбол сайысы өз мәресіне де жетті. Ойын соңында сөз алған ауыл әуімі Адильхпн Бағдатұлы Мәскеу ауылық округтің спорт әдіскері,тәжірибелі маман Асхат Серікұлына алғыс білдіріп, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, «Осындай спортқа арналған көлемді шаралар жалғасын таба берсін! – деген ақ тілегін жеткізді.
Оқ бойы оза шауып, орын алған командалар барлық спорт сүйер қауымның көңілі бір сергіп қалды.
Жұмабике НҰРСЕИТОВА,
Озерный негізгі орта мектебінің директоры
Добавить комментарий