Саннан сапаға көшетін уақыт келді

Саннан сапаға көшетін уақыт келді

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзінде халықтың нақты табысының құнсызданып жатқаны туралы айтты.

Халықтың еңбектеніп тапқаны наны мен шәйінен артылмай, қарызға батып жүргендер көбейді. Бір басында бес несиесі бар азаматтар тығырықтан қалай шығарларын білмей жүр. Дүкен сөрелеріндегі тауар бағаларының күн бе күн шарықтап бара жатқаны халықты қатты қинайды. Бұның бәрі инфляцияның әсері.

«Инфляция өскен сайын халықтың нақты табысы құнсызданып жатыр. Жұрттың табысын әлеуметтік саланың шығысы есебінен арттырудың да шегі бар. Біз осы шекке жеткен сияқтымыз. Бұған қоса тұтыну несиелерінің көлемі артып барады. Бұл әрекет – инфляция кезінде жан бағудың амалы. Бірақ мұндай ахуалдың әлеуметтік және саяси салдары өте ауыр болуы мүмкін. Тіпті банктердің өзіне қауіп төндіруі ықтимал. Несиені, ең алдымен, пайда әкелетін бизнеске, яғни тиімді жобаларға беру керек. Сонда жалақысы жоғары жұмыс орындары пайда болады. Жұрттың кәсіпкерлікпен айналысуға ынтасы артады. Бір сөзбен айтсақ, азаматтардың табысын көбейтуге мүмкіндік туады» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондықтан бүгінгі күні шағын және орта бизнестің дамуы өте маңызды. Бұл жолда жергілікті атқарушы органдардың тиімді жұмыстары қажет. Халықтың өмір сүру деңгейіне ықпал ететін мемлекеттік бағдарламалардың сапалы орындалуы маңызды.Саннан сапаға көшетін уақыт келді.

Жұмагүл ИРГАСЫМОВА,
Қостанай аудандық маслихатының депутаты

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!