Өрт дегеніміз не?
Өрттің алдын алу шаралары.
Өрт-бұл заттық құндылықтарды жоятын және адамдардың өміріне қауіп-қатер туғызатын жанудың бақылауға алынбайтын үрдісі.
Өртті сөндіруден гөрі, алдын алу анағұрлым жеңілдірек. Сондықтан барлық сақтық шараларын сақтау қажет.
Статистика бойынша тұрғын үй мен пәтерлерде өрттің шығуына негізгі себептері:
тұрмыстық электр және газ аспаптарын пайдалану кезінде;
пештердің дұрыс орнатылмауы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан;
балалардың отпен ойнауынан болып отыр.
Өрттер адам өміріне қатер төндіріп,үлкен залал
әкеледі. Өртті болдырмау үшін Сізге мынадай өрт қауіпсіздік ережелерін есте сақтаған жөн:
- Электр қыздырғыш құралдарды қосылған күйде қалдыруға болмайды.
- Қуаттылығы күшті бірнеше электр аспабын бір уақытта қосуға болмайды.
- Газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолдануға болмайды.
- Сіріңкемен, оттықтармен, отпен және от шашулармен ойнауға болмайды.
- Зақымдалған электр өткізгіштерді қолдануға болмайды.
Жылу беру маусымы басталар алдында пештер тексеріліп, түтіндіктері тазаланып, сылануы керек. Пештерді жөндеу және қалауды тек қана осы жұмысты атқаруға арнайы лицензиясы бар тұлғаларға немесе ұйымдарға сеніп тапсыруға болады. Пештер, түтін шығаратын мұржалар ағаш шатырларымен қиылысатын орындары кірпішпен жуандалып қалануы керек. Пеш қабырғаларының жуандығы туралы да ұмытпаған жөн.
- Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телефон арқылы «101», «112» байланыс нөміріне хабарласыңыз.
Қостанай аудаңы төтенше жағдайлар бөлімі
Добавить комментарий