Құрметті Тобыл қаласының тұрғындары мен қонақтары!
2025 жылдың 13 тамызында Тобыл қаласының аумағында «Тамыз-Антитеррор – 2025» оперативтік-тактикалық оқу-жаттығулары өтеді.
Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың терроризмге қарсы түрлі қауіптерді болдырмау деңгейін тексеру.
Осыған байланысты Ленин-Победа, Ленин-Школьная, Школьная-Павлов, Школьная-Советская көшелерінде автокөлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектеледі.
Азаматтарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға және тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырамыз.
Қостанай аудандық
оперативтік штабы
Добавить комментарий