Құрметті Тобыл қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі Қостанай аудандық комиссиясы Тобыл қаласында қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың туындауын жою жөніндегі «Қыс-2021» атты республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығудың аяқталғаны туралы хабарлайды.
Оқу-жаттығу қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындық деңгейін арттыру, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жергілікті атқарушы органдары мен халықтың іс-қимылдарының үйлесімділігін және өзара іс-қимыл жасасуын жетілдіру, Қостанай ауданының азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының әзірлігін тексеру мақсатында өткізілді.
Добавить комментарий