Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың басшылары!

Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың басшылары!

Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың басшылары (қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, федерациялар, қауымдастықтар, коммерциялық емес мекемелер)!

Қостанай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі үкіметтік емес ұйымдардың 2025 жылғы өткен есептік кезеңдегі қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ деректер базасына ұсынудың кезекті есептік кезеңі басталғаны туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын әр жылдың 31 наурызына дейін ұсынылуы тиіс.

Мәліметтер үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы деректер базасын қалыптастыру қағидаларына сәйкес беріледі.

Сіздер ұйымдарыңыздың қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ деректер базасының интернет-порталы https://kyc.kz арқылы жолдай аласыздар (интернет-порталда авторизация заңды тұлғаның ЭЦҚ кілті арқылы жүзеге асырылады).

ҮЕҰ деректер базасына мәліметтерді ұсынбағаны, уақтылы ұсынбағаны, сондай-ақ жалған немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.

Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ-не
8 (71455) 21576 телефоны арқылы хабарласуға болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!