Отбасы күні – Елбасының Жарлығымен бекітілген еліміздегі мерейлі мерекелердің бірі

Отбасы күні – Елбасының Жарлығымен бекітілген еліміздегі мерейлі мерекелердің бірі

Отбасы рухани-адамгершілік құндылықтардың сақтаушысы, сондай-ақ, мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының көрсеткіші болып табылады.

Осы орайда, Тобыл қаласында Отбасы күніне орай «Отбасылық құндылықтарды арттыру және насихаттау, отбасы институтын нығайту және  тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алу»  жобасы аясында «Алтын Дән» мәдениет үйінде іс шара өтті.  Аталмыш жоба аясында «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбындағы  рухани-мерекелік кездесуге мемлекеттік тілде оқытатын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің білім алушылары да қатысты.

Іс-шара барысында оқушылар 53 жыл бірге отасқан Жұмахан, Жібек Көбековтермен танысып, бақытты отбасы құрудың басты қағидалары жайлы білді. Шараға қатысқандарға өнегелі жұп  өздерінің қалай танысқандарынан бастап сан алуан қызықты оқиғаларын  жеткізді.

Аталған бұл іс-шарадан  оқушылардың   алар маңызы, тәлімі зор болды.

 

Дидар ТАПЕЛОВА,
мемлекеттік тілде оқытатын
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
жалпы білім беретін мектебі,
педагог

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!