Қостанай облысына жаңа бас имам тағайындалды

Қостанай облысына жаңа бас имам тағайындалды

Жақында Қостанай облысының бас имамы сыра ішіп, көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалған еді. Осыдан кейін Бахытбек Тәжімбет орнын босатқан еді. Бүгін ҚМДБ жаңа бас имамды тағайындады.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай облысының бас имамы болып Бектұрсын Уәлиев тағайындалды.

Жаңадан тағайындалған бас имамды өңірдің дін қызметкерлеріне ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырып, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.

Сондай-ақ Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өңірдегі қала және аудан бас имамдарының қатысуымен өткен жиында облыстық дін істер басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы жаңадан тағайындалған бас имам Бектұрсын Торғайбайұлына ізгі тілегін білдіріп, жауапты қызметіне абырой тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін 23 шілде түнгі сағат 03:00-те Бурабайдағы түнгі клубтардың бірінінің маңында масаң күйде көлік жүргізіп бара жатқанда ұсталған Бахытбек Тәжімбет 15 күнге қамалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!