Қостанай ауданының әкімі күллі мұсылман қауымын қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қостанай ауданының әкімі күллі мұсылман қауымын қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады

Құрметті жерлестер!

Қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан айының аяқталуын белгілейтін бұл мереке исламның ғасырлар бойғы дәстүрлерін және оның ең маңызды рухани құндылықтары – жақсылық, жомарттық пен мейірімділікті бейнелейді. Қасиетті Рамазан айы бүкіл әлемдегі мұсылмандар жүректеріне жақсы ниет ұялатып имандылығын дамытады.

Ораза айт мерекесі сенімді нығайтады және игі істерді орындауда, жақындарға қонақжайлылық пен жомарттық, мұқтаж жандарға жанашырлық және ерекше қамқорлық көрсету жолында күш береді. Біздің халқымыз өз мысалында исламның келісім мен толеранттылық, жасампаздық пен үйлесімділік діні екенін әрдайым дәлелдеп келеді. Елімізде Ораза айт мерекесі мұсылмандарды ғана емес, барлық қазақстандықтарды біріктіреді.

Қазақстанда қоғамдағы тұрақтылыққа, бейбітшілік пен келісімге бағытталған мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым – қатынасының бірегей моделі құрылды. Нәтижесінде, тәуелсіздік алғалы біз гүлденген, қарқынды дамып келе жатқан мемлекет құра алдық.

Бүкіл әлем Қазақстанның өсіп келе жатқан әлеуетін, оның әлемдік қоғамдастықтағы маңызды және жауапты рөлін мойындайды. Сондықтан біздің еліміз Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін өткізу орнына айналды.

Бүгінгі таңда әрқайсымыздың діни, тарихи және мәдени құндылықтарымызды құрметтеуге мүмкіндігіміз бар. Біздің ортақ міндетіміз – бұл бірлікті бағалау және елдегі тұрақтылықты сақтау.

Біздің көпұлтты өлкеміздің әрбір үйінде, әрбір отбасында бақыт пен береке орнасын, Сіздерге шын жүректен мерекелік көңіл – күй, жаңа игі істер, амандық пен мықты денсаулық тілеймін!

                                                       Жансұлтан Таукенов, Қостанай ауданының әкімі                                      

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!