Қостанай ауданының әкімі Виктор Радченконың банктер мен кәсіпкерлерге үндеуі

Қостанай ауданының әкімі Виктор Радченконың банктер мен кәсіпкерлерге үндеуі

Құрметті кәсіпкерлер және сауда объектілерінің иелері!

Бүгінгі күрделі жағдайда бізге бірігіп, ынтымақтастық таныьту өте маңызды.

Сізден халықтан төлемдерді қолма-қол ақшасыз қабылдауды сұраймыз. Бірінші кезекте адамдарды қауіпсіздендіру үшін бұл шара қазір өте маңызды.

Біз Сіздің азаматтық ұстанымыңызға шын жүректен сенеміз. Сондай-ақ, онлайн төлем көзделмеген нысандардың иелеріне әкімшілік шаралар қолданылатынын ескертеміз.

Сонымен қатар екінші деңгейдегі банк басшыларына өтініш білдіргім келеді. Халыққа онлайн режимінде шоттар ашу үшін барынша шаралар қабылдауды сұраймын. Адамдардың жиналуына жол бермеу үшін күтушілер арасында кемінде 1,5 метр қашықтықты қамтамасыз ету үшін арнайы белгілеуді қарастыру қажет. Мұндай тәжірибе бірқатар банктерде сынақтан өтті.

Мен Сізді жеке жауапкершілік танытуға шақырамын. Бұл көбінесе коронавирустық инфекцияны жеңуге ықпал етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!