«Өнеріміз саған, Қазақстан!» фестивалінің жеңімпаздары марапатталды
Костанай ауданы XXXVII облыстық «Өнеріміз саған, Қазақстан!» байқау-фестивалінің қорытындысы бойынша өңіріміздің аудандары арасында екінші орын алып, 2 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сертификаттың иегері атанды
Ұлт руханиятының сақшысына айналған, халыққа адал қызмет етіп жүрген мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қостанай қаласында салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов арнайы қатысып, мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттады.Мереке қарсаңында бірқатар өнер майталмандарына мемлекеттік наградалар табысталды:
-«Парасат» ордені – Қоныспек Бегайдаров пен Антонина Тимофееваға;
-«Құрмет» ордені – Александр Евсюковқа;
-«Ерен еңбегі үшін» медалі – Юлия Дюсебаеваға берілді.
Сонымен қатар, мәдениет саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп жүрген азаматтарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, сондай-ақ Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамоталары табысталды.
Салтанатты жиын барысында XXXVII облыстық «Өнеріміз саған, Қазақстан!» байқау-фестивалінің қорытындысы жария етілді. Халық шығармашылығы – ұлттың жаны мен рухы, сарқылмас шабыт пен қайталанбас таланттың қайнар көзі екенін дәлелдеген бұл байқауға облыстың 17 аудан-қаласынан 170-тен астам өнерпаз қатысып, өнерлерін ортаға салды.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – Рудный қаласы (5 млн теңге).
Аудандар арасында:
1 орын – Федоров ауданы (3 млн теңге);
2 орын – Қостанай ауданы (2 млн теңге);
3 орын – Жанкелдин ауданы (1 млн теңге).
Қалалар арасында:
1 орын – Қостанай қаласы (3 млн теңге);
2 орын – Арқалық қаласы (2 млн теңге);
3 орын – Лисаков қаласы (1 млн теңге).
Фестивальдің шарықтау шегі – Гала-концерт мерекелік кештің көркін қыздырып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Қатысушылар ұлттық өнердің бай мұрасын паш етіп, ел бірлігі мен рухани құндылықтардың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.
Добавить комментарий