Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Жаңа экономика құру үшін жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Жаңа экономика құру үшін жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды

2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашу қажет деп санаймын. Бұл ретте техникалық еңістігі бар ЖОО-ның екі филиалын еліміздің батысында ашу қажет.

Жалпы, бәріміз білімге деген көзқарасты өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға әуестену кезеңі өтті, техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын өсіру қажет», — деп атап өтті. Осы орайда, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қостанай облыстық филиалы жол саласы мамандығына жастардың бетбұрыс жасау үшін кездесулер өткізіп жүргенін айта кеткім келеді. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қостанай облыстық филиалының қызметкерлері екі жыл бұрын «1000 мектеп» акциясын қолға алған еді.

Осының нәтижесінде қазіргі таңда республика бойынша 7391 мектептің 2542-сі қамтылды. Сондай-ақ, онлайн-режимде бірден 600 оқушымен кездесу өтті. Қостанай облысында өткен жылы 93 мектеп қамтылды. Оған қоса, мекемеде 2020-2021 ж.ж. бірнеше ақылы тәжірибеден өтті. Оның ішінде мамандық иесі атанып, маусымдық жұмысқа қабылданғандары да бар. Президент тапсырмасы аясында жұмысты жандандыра бермекпіз.

Абылайхан Алшынбаев,
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы»
РМК Қостанай облысытық филиалының директоры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!